Сарбаздар сайысқа түсті
Рәміздер күніне орай 55-те 47 әскери бөлімінде «Мен өз Отанымның патриотымын!» байқауы өтті. Өнер мен спорт сайыстарында сыналған сарбаздар әскери қимылдар мен қару жарақты меңгеру бойынша мықтыны анықтады. Асқақ рухты әнді әуелете шырқап, саптық дайындықтың үлгісін көрсеткен сарбаздар елдің қорғаны. Отанға деген адалдығын әр ісімен дәлелдеп жүрген жауынгерлер әскери өмірдің бір күнін рәміздерді қадірлеп, құрмет көрсетуге арнады. Шараның мақсаты - жастар мен сарбаздар арасында патриоттық сезімді арттырып, өскелен ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу. Бес команда байқаудың бес кезеңінде өзара мықтыны анықтады. Саптық ән орындау, арқан тарту, волейбол, 500 метр қашықтыққа жүгіруден эстафета мен қару жарақты жинау секілді кезеңдерде сарбаздар ептілігі мен төзімділігін тексерді. Салауатты өмір салтын насихаттай отырып, сарбаздардың достығын арттырған байқаудың әр кезеңі тартысты болды. Жеңімпаздарға әскери қызмет барысында тұтынатын құралдар мен алғыс хат табысталды. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/