САҚТАНДЫРУ ЗАҢНАМАСЫНА ЕНГЕН ӨЗГЕРІСТЕР
Атырау облыстық сотында «Сақтандыру омбудсманының қатысуымен қаралатын істер бойынша сот тәжірибесі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.Шараға сот судьяларымен,заң консультанттары сақтандыру компанияларының және бағалау ұйымдарының өкілдері қатысты. Қалалық сот төрағасы Жасұлан Жақсылық сақтандыру заңнамасына енген өзгерістер туралы баяндама жасады.Айтуынша «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және бағалы қағаздар нарықтары мәселелері бойынша өзгерістермен толықтырулар енгізу туралы» «2022 жылғы 12 шілдедегі ҚР Заңымен көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі дауларды сотқа дейінгі міндетті реттеу бөлігінде өзгерістер енгізілген.Бұл норма 1 қаңтардан бастап заңды күшіне енді.Қатысушылар омбудсман қараған істердің статистикалық деректерімен танысып,проблемалық мәселелерді талқылады. Сайт - http://atyrautv.kz/ online - http://atyrautv.kz/kz/online facebook - https://www.facebook.com/atyrautv/ VK - https://vk.com/atyrautvkz Instagram - https://www.instagram.com/atyrautvkz/ Qazaqstan TV мобильді қосымшаны жүктеп алыңыз: AppStore - https://itunes.apple.com/kz/app/qazaqstan-tv/id1332605258?mt=8 Google Play - https://play.google.com/store/apps/details?id=biz.galamat.qazaqstannews #ATYRAU #TV #ATYRAUTV #АТЫРАУ #ТВ #АТЫРАУТВ #102FM #ATYRAURADIO #RADIO