Сақшылар әулеті
Егемен елдің тұрақтылығы мен тыныштығын сақтауға түрлі сала мамандары өлшеусіз үлес қосып келеді. Солардың қатарында қоғам тыныштығын қадағалайтын құқық қорғау қызметкерлерінің еңбегі орасан. Ал келесі бейнематериалымыз полицейлер династиясы туралы болмақ. Мұхтаровтар әулетінің ішкі істер саласындағы еңбек өтілі 158 жылды құрайды. Атадан балаға, баладан немерге жалғасқан полицейлер отбасының өнегелі еңбек жолын Қазақстан полициясы күні қарсаңында көрсетуді жөн көрдік. Мұхтаровтар әулеті аймағымызға полицейлер династиясы ретінде белгілі. Сақшылар жанұясының тірегі Абдулла Мұхтаров 1939 жылы Жаңақорған дүниеге келген. Ол 1967 жылы ішкі істер саласындағы қызметін лейтенант шенімен бастап, еңбегінің арқасында облыстық дәрежедегі басшылық қызметтерге дейін көтеріледі. Өмірінің 28 жылын құқық қорғау қызметіне арнап, 1989 жылы подполковник шенімен құрметті демалысқа шыққан. АБДУЛЛА МҰХТАРОВ – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ІІМ ҚҰРМЕТТІ АРДАГЕРІ // Адамға жақсы болу үшін кішіпейіл болуы керек. Сабырлы болуы керек адам. Мейірімді болуы керек. Осы үш қағиданы ұстап жүрсе адам жаңылыспайды. Баламызға соны айтамыз. Сосын «кешіріңіз» деген сөз қалтаңда жүрсін дейміз. Ешкіммен шатыспа, ерегіспе. Сенің сөзіңе тоқтамайтын болса, кешіріңіз деп бұрылып кете сал. Сонда талай бәледен құталасын деп отырамыз. 85 жастағы Абдулла Мұхтаров ақсақал 5 ұл 2 қыздан 28 немере, 17 шөбере сүйіп отыр. Бұл әулеттің 12 мүшесі бір салада жұмыс істейді. Ұрпақ сабақтастығы жалғасқан әулетте мамандық таңдаудағы бірізділік баланың санасына сәби кезден орнықтырылатын сыңайлы. Бүгінгі кейіпкерлеріміздің құқық қорғау саласында қалтқысыз қызмет етіп келе жатқанын жеткен жетістіктері мен алған марапаттарынан аңғаруға болады. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/