СЕНАТОРЛАР КЕҢЕСІ СЫР ЕЛІНДЕ
Парламент сенатының жанындағы сенаторлар кеңесінің мүшелері Сыр өңіріне келді. Олар Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің оқу базасында болып, студенттермен кездесті. Сенаторлар кеңесі – бейресми ұйым. Мемлекеттік саясатты орнықты жүргізуді мақсат тұтады. Бұл бағытта кеңес мүшелері кейінгі буынмен үнемі пікір алмасып, талап-тілектерін тыңдайды. Еркін форматтағы басқосуда олар жас буынды білім алуға, мемлекет берген мүмкіндіктерді тиімді пайдалануға шықырды. ДИНАР НӨКЕТАЕВА – ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ СЕНАТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ Қазір Болашақ бағдарламасы арқылы да тағылымдамаға барып жатыр шет мемлекеттерге. Қазіргі кезде магистратураға, доктерантураға шетелге түсіп жатыр. Сол жерде қалып қоймай сол жерде дағдыларын үйреніп, еліміздің білім жүйесін көтеру өте-өте маңызды. Бұл тұрғыда «Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті білімді буын қалыптастырып жатыр десек болады. Университетте сапалы білім алуға мүмкіндік мол. Оқу базасы жаңарған. Белгілі оқытушы-ғалымдар шоғырланған. Соның арқасында университет халықаралық рейтинге жоғары нәтижеге қол жеткізіп отыр. Қазір оқу ордасында 10 мыңнан аса студент білім алады. Соның 5 мыңға жуығы мемлекеттік грант негізінде оқиды. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/