Suivant

Сессия отырысы

09/10/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Қалалық мәслихаттың кезекті 27-сессиясы өтті. Күн тәртібінде алты мәселе қаралып, қала әкімі мен жауапты сала басшылары атқарылған жұмыстардың есебін берді. Сессия отырысында депутаттар қаланың дамуына еңбегі сіңген бірқатар азаматқа «Қызылорда қаласының құрметті азаматы» атағын беру туралы шешім қабылдады. Жыл басында қала бюджеті 58,2 млрд. теңге болып бекітілген болатын. Бүгінде жүйелі жұмыстардың нәтижесінде бюджет көлемі 107,9 млрд. теңгеге жетіп отыр. Қаражаттың басым бөлігі тұрғын үй құрылысын дамыту, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған. Атап айтсақ, биылдың өзінде облыс орталығында 3911 пәтерлі 74 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Мұнан бөлек жол-көлік инфрақұрылымын дамыту үшін 35 млрд. теңге қаралып, 99 көшеге қайта жаңғырту, күрделі және орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жаяу жүргіншілер жолын салу, көшелерді жарықтандыру, электр желілерін жаңғырту бағытында да бірқатар жобалар жүзеге асырылуда. Сессия отырысында қалалық мәслихаттың бюджет және экономикалық даму, ауылшаруашылығы, жер, экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі тыңдалды. АҚМАНАТ ТӨЛЕГЕНОВА, ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯ МҮШЕСІ комиссия отырысында Тасбөгет және Белкөл кент әкімдерінің елді-мекенді әлеуметтік экономикалық дамыту бағытында атқарған жұмыстары мен өзекті мәселелері талқыланып, депутаттары тарапынан бірқатар ұсыныстар айтылды... Сессияда мұнан бөлек «Қалаға келетін шетелдіктер үшін 2024 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы» және «Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін арнайы орындарды, олардың пайдалану тәртібі» мәселелері қаралды. Депутаттар шаһардың әлеуметтік экономикалық дамуына үлес қосқан, түрлі салалар бойынша еңбегі сіңген 9 азаматқа Қызылорда қаласының «Құрметті азаматы» атағын беру туралы шешім қабылдады. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant