СОТ-ТЕРГЕУ ТӘЖІРИБЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
#заңментіртіп #қоғам #қылмыс #сот #тергеу #жаза #проблемалықмәселелер #соттергеу #заңментәртіп #жаңалықтар #news #qyzylordatv Облыстық прокуратураның үйлестіруімен қылмыстық және әкімшілік істерді сотта қарау барысында туындаған проблемалық мәселелер талқыланды. Жиынға прокуратура, сот және құқық қорғау органдарының басшылары мен қызметкерлері, сондай-ақ, сарапшылар қатысты. Басқосуда электронды іс жүргізу форматын қолдану тәжірибесін енгізу, іс жүргізу құжаттарын дайын шаблондар арқылы рәсімдеу және қағазбастылықтан арылу мәселелері қаралды. Мамандардың айтуынша, былтырғы жылы электронды форматта іс жүргізу 98,3 пайызды құраған. Алайда, «Е-қылмыстық іс» жүйесінде жүктелген құжаттардың «Төрелік» жүйесімен оқылмауы салдарынан бірқатар мәселе туындаған. Сондай-ақ, масаң күйде көлік басқарып, куәлігінен айырылған жүргізушінің қайта рульге отырғаны үшін әкімшілік қамаққа алу жазасын тағайындау тәжірибесін қалыптастырудың тиімділігі талқыланды. РИЗАБЕК ОЖАРОВ – ОБЛЫС ПРОКУРОРЫ Биыл соттармен 1235 қылмыстық және 20 мыңнан әкімшілік істер қаралған. Қарау барысында азаматтардың Конституциялық құқықтарының бұзылуына жол берілмеген. Сондай-ақ, «Смарт» жобасы жалғастыруда. Олар соттармен қолдау тапқан. Бүгінгі көтеріліп жүрген мәселелер баяндамашылар жан-жақты әрі толық түсіндіріп, заңды және нақты шешу жолдарын ұсынып отыр. Іс-шара барысында бізбен заңды және біркелкі сот тергеу тәжірибесін қалыптастыру үшін шаралар белгіленеді. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylorda_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/