СОТ ҮКІМІ ШЫҚТЫ
Өзінен төменгі сынып оқушысын ұрып өлтірген оқушыға қатысты сот үкімі шықты. Естеріңізге салсақ, қайғылы жағдай биыл 12 ақпанда болған еді. Белкөл кентінде жоғары сынып оқушысының жұдырығынан тоғызыншы сыныптағы жасөспірім жан тәсілім етті. Мектеп оқушысын көпқабатты тұрғын үйдің подьезінде соққыға жығып, кейін оның денесін медициналық мекемеге жеткізген. Алайда бұл сәтте ауыр соққы алған оқушы қайтыс болып кеткен. Сотталушы сот үкімімен 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды. ДӘУРЕН ТАЙЫРОВ - ОБЛЫСТЫҚ КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТ ӘКІМШІСІНІҢ БАСШЫСЫ Сотталушы жәбірленушіге неге шылым шегесің деп ескертпе жасап, әрі қарай өзінің қылмыстық пиғылын орындау мақсатында жәбірленушінің кеуде тұсынан екі мәрте жұдырықпен ұрып, нәтижесінде кәмелетке толмаған жәбірленуші оқиға орнында жүрек рефлекторының тоқтауымен оқиға барысында қайтыс болды. Сот үкім етті ҚР ҚК 106 бабының 3-бөлігімен сотталушы кінәлі деп танылып, 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Қазіргі таңда үкім заңды күшіне енген жоқ. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/