СОТ ҮКІМІ
Атырауда автобус ішіне қарумен кіріп, жолаушыны аяусыз ұрып кеткен қылмыскерлерге сот үкімі шықты. Қанды оқиға былтыр 20 қарашада болған. Аялдамаға тоқтаған кәсіпорын автобусына мұздай қаруланған бұзақылар кіреді. Сөйтіп ішіндегі жолаушыны қан-жоса етіп ұрып, травматикалық қарумен екі рет атқан. Абырой болғанда қылмыскерлер оқты жолаушының өзіне бағыттамаған. Сөйтіп алған жарақат аса ауыр болмай, жәбірленуші аман қалды. Осыны ескерген сот бұзақыларды 4 жылға бас бостандығынан айырды. Жазаға тартылған екі жігіт жасаған қылмыстарын мойындап, өкінетіндерін айтқан. Сайт - http://atyrautv.kz/ online - http://atyrautv.kz/kz/online facebook - https://www.facebook.com/atyrautv/ VK - https://vk.com/atyrautvkz Instagram - https://www.instagram.com/atyrautvkz/ Qazaqstan TV мобильді қосымшаны жүктеп алыңыз: AppStore - https://itunes.apple.com/kz/app/qazaqstan-tv/id1332605258?mt=8 Google Play - https://play.google.com/store/apps/details?id=biz.galamat.qazaqstannews #ATYRAU #TV #ATYRAUTV #АТЫРАУ #ТВ #АТЫРАУТВ #102FM #ATYRAURADIO #RADIO