СОТТАЛҒАНДАРДЫ ҚОҒАМҒА БЕЙІМДЕУ МАҢЫЗДЫ
Облыстық «Жігер» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен сотталғандар мен пробациялық бақылауда тұрған азаматтарды қоғамға бейімдеу мақсатында жиын болды. Басқосуда сотталғандардың қалыпты өмірге бейімделіп, тұрақты жұмыспен қамтылу жайы талқыланды. Сондай-ақ, облыстық «Жігер» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мұрат Жұмаділаев сотталған немесе пробациялық бақылауда тұрған азаматтарды қоғамға бейімдеу бағытында атқарылған жұмыстарды баяндады. Аталған бірлестік сотталғандарға жан-жақты қолдау көрсетіп келеді. Мәселен, осыған дейін 358 азамат психолог қабылдауында болып, 256 адам заңгер кеңесіне жүгінген. МҰРАТ ЖҰМАДІЛАЕВ – ОБЛЫСТЫҚ «ЖІГЕР» МҮГЕДЕКТЕР ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандар немесе босатылатындар және пробация қызметінде есепте тұратындарды қайта әлеуметтендіру және оңалту жұмысын ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы басталған болатын. Бұл жұмысты биыл «Жігер» қоғамдық бірлестігі ұтып алған болатын. Биыл осы жоба атқарылып шықты, негізінен бүкіл облыс қамтылды. 18 спорттық шара өткізілді, Аралдан бастап Жаңақорғанға дейін. Қызылорда қаласында орналасқан қалалық пробация қызметі, 60 –ыншы мекеме,68-ыншы мекеме, 37-інші мекеменің есепте тұрған және полиция департаментінде есепте тұрған азаматтар қамтылды. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/