Соғыс ардагелеріне 2,5 млн теңгеден беріледі
Облыста Жеңіс күніне орай соғыс ардагерлеріне 2,5 миллион теңгеден беріледі. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметіне сүйенсек, өңірде екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан 4 майдангер бар. Олардың арасында ең үлкені 102 жасқа толды. Осы орайда Қызылорда қаласы, Қазалы және Сырдария ауданының әкімдіктері Жеңіс күні қарсаңында төлемдерді аудару бойынша жұмыстарды ұйымдастыруда. Ардагерлер 2,5 миллион теңге мөлшерінде біржолғы төлем алады. СНХ: ҒАБИТ ЖАҢАБАЕВ - ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ Бүгінгі күнге аймағымызда Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен оларға теңестірілген 3843 ардагер бар. Оның ішінде Ұлы Отан соғысының қатысушылары – 4.Бүгінгі күнге облыстағы 4 (төрт) – Ұлы Отан соғысының қатысушыларына 2 510 560 теңгеден төленетін болады. 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында тылда кемінде алты ай жұмыс істеген 1990 адамға - 147,6 мың (40 АЕК) теңгеден төленді; 530 - Ауған соғысының қатысушы мен мүгедектеріне – 147,6 мың (40 АЕК) теңгеден төленді. Бұған қосымша Ауған соғысының 35 жылдығына орай жергілікті уәкілетті органдардың шешімімен 36,9 мың (10 АЕК) теңгеден қосымша бір реттік әлеуметтік көмек төленеді,/// Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/