Suivant

СОҒЫС АРДАГЕРІ ӘБДІРАХМАН БӘЙТІКОВ 100 ЖАСҚА ТОЛДЫ

28/11/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Екіншідүниежүзілік соғыс ардагері, Сыр елінің абыз ақсақалы Әбдірахман Бәйтіков ақсақалдың бүгін туған күні, ол 100 жасқа толды. Қазыналы қарияға жергілікті атқарушы билік қадір-қауметін жасады. Ардагердің арда ғұмырынан аз-кем айта кетейік. Әбдрахманның айбат мінезі 4 жасында жалғыз сиырын айдап бара жатқан айдауылдарға тас лақтырған кезінде-ақ көрінді. 1928 жылғы қазақ еліне келген зауал - кәмпескелеу науқаны Бәйтіковтер әулетін де айналып өтпеді. Кейін елді ашаршылық жайлады. Араға аз уақыт салып екіншідүниежүзілік соғыс басталды. Мұғалімдер техникумында білім алып жүрген 18-ге енді толған жігіт қан майданның қақ ортасы – Курск доғасына топ етті. Майданның қанды парақтарын ақтармай-ақ қояйық. Жауынгер Байтіков 1943 жылы ауыр жарақаттанып, 2-ші топ мүгедегі болып 1944 жылы елге оралды. Намысы наркескен жас Абдрахман мүгедек деген құжатын пойызда келе жатып жыртып тастапты... Елге келген соң есепшілік қызметте болып, отбасын құрып, 10 перзент сүйді. Бүгінде нағыз жапырағын жайған алып бәйтерекке айналды. Батасымен елінің тілеуін тілеп отырады. Газет, кітап көп оқитын еді, соңғы кезде денсаулығы сыр беріп, қол үзіп қалғанына қариямыз қапалы дейді бауырлары. Әбдірахман аға табиғатынан балажан, бауырмал адам. Бәлкім, өзі кіндіктен тараған жалғыз ұл болған соң шығар?! Қалада Әбдрахман Байтіковтен басқа көзі тірі соғыс солдаты жоқ. Бұл шаңырақ ұрпақтар сабақтастығын жалғаған жауһардай қымбат, - дейді жиналғандар. Байтіков ақсақал туралы балалары бөліскен естеліктер дестесімен апта қорытындысы – «Үштағанда» айтатын боламыз. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant