Suivant

Соңғы жарыс жолына кімдер шығады? | Олимпиада күнделігі | 10.08.24

10/08/24
Qazaq TV
Dans Asie / Kazakhstan

Қазақстандық Елена Потапенко олимпиада ойындарында қазіргі бессайыстан жарыс жолына шықты. Ол іріктеу кезеңінде әйелдер арасындағы семсерлесуде бақ сынады. Потапенко 15 кезеңде де қарсыласынан басым түсіп, жеңіске жетті. Жарысқа қатысушы 35 спортшы ережеге сәйкес бір-бірімен кезекті кездесулерін өткізді. Бұл кезеңнің нәтижесі бойынша жерлесіміз 200 ұпаймен 27-ші орынға тұрақтады. Енді жартылай финалда спортшылар 200 метрге еркін әдіспен жүзу, конкур, жүгіру кезінде лазерлі тапаншамен нысана көздеуден сынға түседі. Қазіргі бессайыстың жартылай финалы бүгін сағат жергілікті уақытпен 12:30 өтеді. Сондай-ақ, кеше екі адамдық каноэмен 500 метрге жарыстың жұбаныш финалы өтті. Қазақстан атынан Мария Бровкова мен Руфина Искакова сынға түсті. Қазақстандық спортшылар өз тобында үшінші орын алды. Ал, жалпы есепте 11-ші орын иеленген спортшыларымыз олимпиада ойындарын аяқтады. Екі адамдық каноэде 500 метрге жарыста сынға түскен қазақстандық Сергей Емельянов пен Тимур Хайдаров та осындай нәтиже көрсетті. Олар өз тобында 3ші болып мәреге жетті. Спортшыларымыз 1,46,75 секунд уақыт көрсеткішімен олимпиада ойындарында 11-ші орынды иеленді. Бұл жарыста қытайлық Хао Лю мен Боуэн Джи алтын жүлдені алса, италиялық , Габриэле Казадеи мен Карло Таккини күміс, Испания спортшылары Хоан Антони Морено мен Диего Домингес қола жүлдегер атанды. Біздің жобаларға жазылыңыз: @JibekJolypodcast @JibekJolyMusic @JibekjolyNews @Kazinform Видео астында пікір қалдыруды ұмытпаңыздар! Біздің өзге де бағдарламаларымыз: Жаңа түнгі студия: https://www.youtube.com/playlist?list=PLODSPLCgl5GiGQraJokolZNKIev0buXUb «Мархабат» бағдарламасы: https://www.youtube.com/watch?v=WKE0LWIptls&list=PLODSPLCgl5GgbozvjnJK-2NEOoCT4IAZm Төрлетіңіз! Арман&Ләйлә шақырады: https://www.youtube.com/watch?v=JsB9JvMJlxc&list=PLODSPLCgl5GhBLRXISbmZ-EaIrTPEyMFS Jibek Joly TV: смотрите нас на спутниковом ТВ, в Youtube и социальных сетях. Оставляйте ваши комментарии под этим видео. Смотрите наши топовые шоу: «OZGER»: https://www.youtube.com/watch?v=Hw71fb7qq-A&list=PLODSPLCgl5Gj6TmskWdD2O4H6kWQDAueX «Мужской разговор»: https://www.youtube.com/watch?v=IWKmD08l3YU&list=PLODSPLCgl5GhWUYqeyIwLNTQT3_eu72nV «Наша история»: https://www.youtube.com/watch?v=x-qNURfP76o&list=PLODSPLCgl5GjIQM8_c7Y1InJJ3QLx-_xI #jibekjolytv # #

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant