Suivant

Спартакиада

17/07/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Қызылордада мүгедектігі бар азаматтар арасында үстел теннисі, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақтан спартакиада мәресіне жетті. Спартакиадаға жеті аудан мен Қызылорда қаласынан 60-қа жуық спортшы қатысты. «Нұр-Сәт» орталығында теннисшілер тартысы ұйымдастырылса, «Орта» спорт клубында тоғызқұмалақ, дойбы және шахматтан сайыс өтті. Мұнда, қарсыластар жеребе тарту арқылы анықталып, ойындар айналмалы жүйе бойынша өрбіді. Жарыс қорытындысы бойынша командалық есепте үстел теннисінен Қазалы ауданының құрамасы жеңіске жетті. Шахмат пен дойбыда қызылордалықтардың мерейі үстем болса, тоғызқұмалақтан аралдық спортшылар мықтылығын көрсетті. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне арнайы кубок, дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant