Suivant

Су айдындарының маңы тазартылды

17/07/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Республика көлемінде өтіп жатқан «Игі істер» марафонына Сыр жұртшылығы да атсалысты. Мұндағы басты мақсат - табиғатты таза ұстап, тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті арттыру. Аталмыш марафоны аясында біздің өңірде «Таза су айдындары акциясы» ұйымдастырылды. Бастама аясында аймақтағы өзен, көлдер жағалаулары мен аяқсу арықтарының бойы тазартылып, көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп отыр. Мәселен, жалағаштық жұртшылық Әйтек, Елтай, Қисықарық және Ізбай каналдарының маңын қоқыстан тазартты. Сенбілік жұмыстарына аудандағы 71 мекемеден 800-ге жуық адам қатысып, 10 тоннаға жуық тұрмыстық қалдықтар өңдеу аймағына жеткізілген. Айта кетерлігі, сәуір айында басталған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық эко-акциясы барысында Жалағаш ауданында 85 мың тонна күл-қоқыс арнайы белгіленген орындарға шығарылып, 60 мыңнан астам тал көшеттері отырғызылды. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant