Suivant

Су тапшылығының алдын алу басты назарда

28/02/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

«Қараөзек» су арнасында 3 су тоспасы қалпына келтірілген жағдайда 1 млрд текше метрге дейін суды жинауға мүмкіндік туады. Нәтижесінде Қазалы ауданында 31 мың гектар суармалы, 120 мың гектар шабындық және жайылымдық жерді тұрақты сумен қамтамасыз етуге болады. Бұл мәселелер өңірге жұмыс сапарымен келген сенаторлар, Су ресурстары және ирригация, Ауыл шаруашылығы, Экология және табиғи ресурстар вице-министрлерінің талқысына түсті. Аймақтың су шаруашылығы нысандарының жағдайымен танысқан делегация су сарапшыларымен бірге анықталған проблемаларды шешу мақсатында ұсыныстарын ортаға салды. Делегация мүшелері алдымен Көкарал бөгетін сақтау және Сырдария өзенінің арнасын қалпына келтіру үшін атқарылып жатқан жұмыстарымен танысты. Мемлекет басшысы Кіші Аралды сақтап қалу бойынша шұғыл щаралар қабылдауды тапсырған болатын. Осы орайда, республикалық бюджет есебінен «Көкарал бөгетін сақтап қалу» жобасының жоба-сметалық құжаттамасы әзірленді. Сала мамандарының айтуынша, аталған жоба шеңберінде зақымдалған бөгет қалпына келтіріліп, Қарашалаң көлі арқылы теңізге екі арна және Тұщы көлі арқылы бір арна қазылып, Кіші Арал теңізінің солтүстік бөлігінде су айналымы қалыптасады. Мұнан кейін, «Айтек» су торабына барған сала мамандары өңірдегі су тапшылығын төмендету мақсатында қысқы-көктемгі кезеңде тасқын суды жинақтау маңызды екендігін айтты. Осы арқылы вегетациялық кезеңде Арал теңізін суландырудың мүмкіндігі кеңеймек. РУСЛАН РҮСТЕМОВ – ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ //Шынын айтқанда, ҚР-ның су ресурстарына қолжетімділігі, оны пайдалану мүмкіндігі көршілес шет мем-н салыстырғанда өте шектеулі. Өйткені, ҚР су күйзелісі жоғары 68 елдің қатарында 60-шы орында тұр. Соның ішінде, біздің Сыр өңіріне келетін су ағынының көлеміне тікелей тәуелді. Сондықтан осы сенаттың аграрлық сала және ауылды аумақтарды дамыту комитеті өңірлердегі су тапшылығы мәселесін шешу, жаңадан қабылданатын болашақтағы жаңа су кодексіне сәйкес шаруалардың ұсынымдарын тыңдау мақсатында көшпелі жиындарды ұйымдастырып келе жатыр.// Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant