Су тасқыны: 51 отбасы баспаналы болды
Көктемгі су тасқыны кезінде үйі суға кеткен ырғыздықтар баспаналы болды. Өткен жұма күні 51 отбасы қоныс тойын тойлады. Су жаңа үйге кірген тұрғындардың қуанышында шек жоқ. Олар бұған дейін туған-туыс пен жалдамалы пәтерлерді паналап келді. Айта кеткен жөн, көктемгі тасқын кезінде Ырғыз ауданы бойынша 168 үйге су кірген. Оның 112-сі Нұра, 26-сы Мамыр, төртеуі Белшер, екеуі Жайсаңбай ауылдарында. Жалпы саны 120 үй салынады деп жоспарланған. Өзге құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Сайт: http://aktobetv.kz Instagram: https://www.instagram.com/aqtobetv/ Facebook: https://www.facebook.com/aqtobetv VK: https://vk.com/aqtobetv Twitter: https://twitter.com/aqtobetv Qazaqstan TV мобильді қосымшаны жүктеп алыңыз: AppStore - https://itunes.apple.com/kz/app/qazaqstan-tv/id1332605258?mt=8 Google Play - https://play.google.com/store/apps/details?id=biz.galamat.qazaqstannews