Suivant

Судьялар спартакиадасы

17/03/25
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Облыс орталығында сот қызметкерлері арасында дәстүрлі спартакиада өтті. Судьялар мен сот мамандары бірнеше спорт түрінен бақ сынады. Салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған бұл жарыста қатысушылар үстел теннисі, тоғызқұмалақ, шахмат, дойбы және бильярд бойынша өзара сынға түсті. Шараның шымылдығын қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Жанат Бекжанов ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Әрі бұл сайыс алдағы уақытта Батыс Қазақстан өңірінде өтетін судьялар мен сот қызметкелері арасындағы спартакиадаға дайындық екенін тілге тиек етті. ЖАНАТ БЕКЖАНОВ – ОБЛЫСТЫҚ СОТТЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ СОТ АЛҚАСЫ ТӨРАҒАСЫ //– Жалпы бізде 80-ге жуық судья бар, олардың жартысы қазір осында қатысып бақ сынауда. Сонымен қатар 200-ге жуық сот қызметкері бар, олар да қатысып жатыр. Алдағы уақытта кіші футболдан жарыстар өткізу жоспарланып жатыр. Қатысушылар барлық кезеңде шеберліктерін көрсетіп, өзара мықтыны анықтады. Әсіресе, шахмат пен тоғызқұмалақ сынды ойындар ерекше тартысты өтті. НҰРХАН ӘБДІКӘРІМ – СЫРДАРИЯ АУДАНДЫҚ СОТЫНЫҢ ӘКІМШІСІ // – Аудандардан да сайысқа қатысуға мамандар келіп жатыр. Бұл өз кезегінде танысуға, логикалық және спорттық шеберліктерді дамытуға өз үлесін тигізеді. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, арнайы дипломдармен, кубоктармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ, спартакиадаға белсене қатысқан бірқатар сот қызметкерлеріне Алғыс хаттар табысталды. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylorda_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant