Сыр бойынан 800-ден астам сарбаз әскерге аттанады
Әскерге шақырудың көктемгі науқаны басталды. Жоспар бойынша өңірден 800-ден астам сарбаз Отан алдындағы борышын өтеуге аттанбақ. Бұл туралы облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары айтты. Жасұлан Шанақұловтың сөзінше, жақын күндері 80-ге жуық азамат Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметіне аттанады. Ол үшін 18 бен 27 жас аралығындағы азаматтарды алдын-ала зерделеу және іріктеу жұмыстары жүруде. Мeрзiмдi қызмeттi өткeрудeн жaлтaрғaн жaғдaйдa зaң aясындa әкiмшiлiк жәнe қылмыстық жaуaпкeршiлiк көздeлген. ЖАСҰЛАН ШАНҚҰЛОВ – ОБЛЫСТЫҚ ҚОРҒАНЫС ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ // Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 387-ші бабында көрсетілген. Егерде еразамат өз отан алдындағы борышын өткеруден бастартатын болса оған 1000 айлық есептік көрсеткіште немесе 1 жыл бас бостандығынан айыруға жаза көріледі. Егер, алдау жолымен, жалған құжат жасау жолымен науқаспын деп, тағы да басқа құйтырқы іс-әрекеттермен бастартатын болса 3000 айлық есептік көрсеткішке айыппұл тағайындалады, Сот арқылы. Немесе 3 жылға бас бостандығанан айырылады деп көрсетілген. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/