СЫР ӨНЕРПАЗДАРЫ АЛҒЫСҚА БӨЛЕНДІ

24/09/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Өңірде мәдениет саласы қызметкерлеріне арналған 50 пәтерлік қызметтік тұрғын үй салынады. Бұл туралы бүгін облыс әкімінің сала өкілдерімен кездесуінде айтылды. Нұрлыбек Нәлібаев арнайы мәжілісте Алматы қаласындағы Қызылорда облысының өнер күндерін жоғары деңгейде ұйымдастырып, өткізуге атсалысқан өнерпаздарға, мәдениет саласының қызметкерлеріне алғысын білдірді. Халықтың ыстық ықыласына бөленген Сыр өнерпаздары таланты мен талғамын, кәсіби деңгейінің биіктігін көрсетті. Бұл зиялы қауымның шынайы бағасы болса керек. Іс-шарада бірқатар қызметкерлерге облыс әкімінің Алғыс хаты табысталды. Мұнан соң еркін пікір алмасқан мәдениет саласының қызметкерлері аймақ басшысына ұсыныстарын жеткізді. Мәселен Нұрлыбек Машбекұлы облыстық филармония жанынан хор ашу туралы ұсынысқа қолдау білдірді. Сондай-ақ мәдениет саласын дамыту бағытында жарқын істерімен көрінген жастарды ынталандыру жайы да назардан тыс қалмау қажет деді. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par