Сыр өңірінде ел чемпионаты өтуде
Сыр өңірінде Arashi MMA-ден ел чемпионаты басталды. Байрақты бәсекеге еліміздің әр өңірінен 200-ге жуық спортшы қатысуда. Спорттық сайысты өткізуге ARASHI MMA федерациясы мен ауған соғысы ардагерлері қолдау көрсеткен. Араши ММА бұл толық байланысы бар аралас жекпе-жек саналады. Мұнда соққы беру мен күрес техникасын меңгеру маңызды. Ел біріншілігінде ерлер 33 салмақ дәрежесінде, ал қыздар 21 салмақ бойынша жас ерекшелігіне қарай мықтыны анықтап жатыр. Ел чемпионы атанған жеңімпаздарға федерацияның арнайы сыйлығы мен дипломдар табысталады. Жүлдегерлер ертең белгілі болмақ. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/