Suivant

СЫРДАРИЯДА 18 РЕФЕРЕНДУМ УЧАСКЕСІ ЖҰМЫС ІСТЕП ЖАТЫР

06/10/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Сырдария ауданы бойынша 21549 азамат дауыс беру құқығына ие. Олардың ішінде соғыс ардагері Яхия Тасыров ең бірінші болып таңғы жетіде референдум учаскесіне барып, өз таңдауын жасады. 103 жастағы Яхия Тасыров аймақтағы ең қарт дауыс беруші. Қос ғасырдың куәгері бұған дейінде еліміздегі саяси шаралардан қалыс қалған емес. Міне, бүгінде Атом электр станциясын салу мәселесі бойынша өтіп жатқан референдумға қатысып, дауыс берді. Учаскелік референдум мүшелері қарт майдангерге құрмет көрсетіп, шапан жапты. Саяси шараға үлкендермен қатар аудан жастары да белсене қатысуда. Солардың бірі тоғызқұмалақтан дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпазы Бексұлтан Бостандықов. Бексұлтан көшпенділер ойындарында ел құрамасында өнер көрсеткен төрт тоғызқұмалақшының бірі. Ол жекелей сында сегіз ойын өткізіп, барлығында жеңіске жеткен болатын. Тақта үстіндегі тартыста топ бастаған жерлесіміз аудандық мәдениет үйінде орналасқан № 155референдум учаскесіне келіп дауыс берді. БЕКСҰЛТАН БОСТАНДЫҚОВ – V ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ Қазақстан азаматы ретінде референдумға қатысу әрбір азаматтың парызы деп білемін. Сондықтан бүгінгі күні өз таңдауымды жасадым. Біз болашағымыз үшін шешім қабылдап жатырмыз Айта кетейік, Сырдария ауданында бүгін 18 референдум учаскесі жұмыс істеп жатыр. Барлық учаскелерде дауыс беруге жағдай жасалған. Соның ішінде құлақ және көз мүкістігі бар азаматтарға арналған арнайы бұрыш бар. Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандарға инватакси қызмет көрсетуде. Ал, үйден дауыс беруге өтініш білдірген азаматтардың үйіне жылжымалы жәшік апарылатын болады ГҮЛЗАДА МУРЗАБЕКОВА, №155 РЕФЕРЕНДУМ УЧАСКЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ №155 референдум учаскесінде дауыс берушілер саны 2185. Оның ішінде он екісі үйден дауыс беретіндер. Мүгедектерге арналған бұрыш бар. Жылжымалы жәшіктермен үйден барып дауыс аламыз. Ешқандай құқықбұзушылық жағдайлар тіркелген жоқ. Халықтың келуі жақсы. Таңғы жетіден бастап ағылып келуде. Референдумға отбасы мүшелерімен бірге келіп дауыс беріп жатқандар бар. Солардың бірі Садықовтар жанұясы Иса Тоқтыбаев атындағы №35 мектепте орналасқан №156 референдум учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасады. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant