Suivant

Сырдарияда су көбейді

13/07/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Соңғы 7-8 жылдан бері Сыр өңірінің дихандары егіске қажетті судан тапшылық көріп келді. Ал биыл ахуал айтарлықтай оңалған. Бұл маусымда күрішші қауым аймақтағы негізгі дақылды емін-еркін суғарып жатыр. Есесіне өнім де бітік болатын түрі бар. Тіршілік нәрінің жылдағыдан көптігі аңқасы кепкен Аралға да жұғым болмақ. Ғалым Сыздықбаев бейнеттің бел ортасында жүрген күрішші. Ширек ғасырдан бері Сыр салысын баптап, адал еңбектің жемісін көріп келеді. Шыны керек, күріш дақылы ¬ - тіршілік нәрін көп тұтынады. Сондықтан соңғы жылдары егістің ебін табу оңай болмай отыр, дейді дихан. Дегенмен биыл су молынан келіп күрішшінің көңілі көкте. Қазір бір өзі 38 гектар алқаптың бабын келтіріп отыр. Бар дәулетін дән деп білген диханнан күріш күтімінің қыр-сырын сұрадық. ҒАЛЫМ СЫЗДЫҚБАЕВ – КҮРІШШІ // Күріштің суы бір деңгейде тұру қажет. Бірде аз, бірде көп болса, өнімге әсер етеді. Күрішіңіз 120 күнде пісетін болса, суыңыз аз болса, дәнге әсер етеді. Дән піспей қалады. Толмай қалады. Әрине, жауапкершілікті сезінеміз. Балапанды күзде санайды дейді. Әзірге шығымы жаман емес/ Әр істің бір қайыры бар. Бірнеше жылдан бері су тапшылығы туындаған соң Сыр дихандары тіршілік нәрін үнеммен пайдалануды үйренді. Мәселен, бұрын қашыртқыдағы су қайта пайдаланылмайтын. Қазір шаруалар арнайы насос арқылы бірнеше рет кәдеге асыратын болды. Өңірдегі егінші қауым жаңбырлатып және тамшылатып суру әдісінің де тиімділігін көріп отыр. Мұндай қондырғылар қазір іргелі шаруашылықтардың бәрінде бар. Бір сөзбен, су мол деп масаттанатын кез емес, үнем тірлікті түрлендіре түспек. Қазір Сырдария өзенінен Қызылорда облысына секундына 650 текше метр су түсіп тұр. Дихандар осы айдың соңына қарай күріштің суын сорғыта бастайды. Демек, көл-көсір тіршілік нәрі толықтай кіші Арал теңізі мен маңайындағы көл-тоғандарға жіберіліп, аңқасы кепткен атырапқа да жан бітпек. ҚАЙРАТБЕК СӘРСЕНБАЕВ – АРАЛ-СЫРДАРИЯ БАССЕЙНДІК ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ // Арал теңізін сақтау деген дүниежүзілік проблема бар. Арал теңізіне берілген су өткен жылы жаз айларында 6-7 текше метрлен артпаған болатын. Бүгінгі күні қазір бір айдың көлемі болып қалды 65 куб су беріліп жатыр. Мұны әрі қарай 100-200 кубқа дейін жеткізіп, белгіленген болжамды орындаймыз деген ойымыз бар/ Осылайша Сыр арнасы көтеріліп, дарияны жағалай жатқан жұртшылықтың несібесі артуда. Күзгітұрым күрішшілердің қырманы астыққа толса, Аралдағы балықшы қауымның да қазаны берекеге толарына сенім мол! Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant