СҚО-да лудоман борышкерлер анықталды
0
0
01/11/24
Dans
Asie / Kazakhstan
Солтүстік Қазақстан облысында баласына алимент төлеуден жалтарып жүрген 40 ата-ана құмар ойынға батып кеткен. Дені әкелер. Бұл туралы прокурорлар мәлімдеді. Олардың айтуынша, бір адам баласына қарыз бола тұра букмерлік кеңседе 50 млн теңгесінен айырылып қалған. Енді оған қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Борышкер екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Жалпы облыс бойынша алимент қарызы 250 млн теңгеге жеткен. Прокурорлар такси қызметі арқылы пайда табатын борышкерлерді де анықтады. #Жаңалықтар #Лудоман #ҚазақстанЖаңалықтары #борышкерлер #24KZ #хабар24
Montre plus
0 commentaires
sort Trier par