Сәйгүліктер сайысы
Қала маңындағы Абай ауылында республикалық ат бәйгесі өтті. БІРІНШІ БОЛЫП АТШАБАРҒА ТАЙ ЖАРЫСТЫҢ ЖҮЙРІКТЕРІ ШЫҚТЫ. Екі айналымдық қысқа қашықтыққа 25 тұлпар шапты. Бұл сайыста шымкенттік шабандоз оқ бойы озып шығып, мәре сызығын бірінші болып кесті. Ал, құнан бәйгеде 20 қылқұйрық жарыс жолына шықты. 12 шақырымға созылған аламанда тағы да шымкенттіктердің мерейі үстем болды. Қызығы сол, қос бәйгеде Бағжан Айдаралы есімді шабандоздың тұлпарлары мәреге бірінші болып жетті. Осылайша 14 жастағы жеткіншек екі сайыс нәтижесімен үздік атанды. Мұнан соң, көпшілік аламан бәйгені тамашалады. 24 шақырымдық жарыс жолына 20 сәйгүлік шығып, оның бесеуі ғана мәреге жетті. Бұл сында Нұрым Орынбасар мінген Тараздың тұлпары топ жарып, бас жүлдені жеңіп алды. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/