Сәт сапар, жас түлек!

03/07/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

«Қызылорда ашық университеті» мен «Қызылорда жоғары көпсалалы колледжі» бітіруші түлектерге диплом табыстады. Төрт жыл білім нәрімен сусындаған студенттер, енді еңбекке екпін бермек. Биыл Қызылорда ашық университетін 300-ге жуық студент тәмамдап отыр. Оқу ордасында еңбек нарығына қажетті 23 білім беру бағдарламасы бойынша маман даярланады. Университет түлектері еңбек нарығында сұранысқа ие. Олардың жұмысқа орналасу көрсеткіші 90 пайызды құрайды. АБАЙБЕК ЖҮНІСОВ – «ҚЫЗЫЛОРДА АШЫҚ УНИВЕРСИЕТІ» БІРІНШІ ПРОРЕКТОРЫ //Университет соңғы жылда халықаралық білім кеңістігіне ену жолында көпдеген жетістіктерге жетіп келе жатыр. халықаралық байланыстардың біршамасын айтар болсақ, Польша мемлекетінің, Болгария, Ресейдің ЖОО екі жақы келісімшарт жасалған соған сәйкес профессор-оқытушыларымыз академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша дәріс оқып жатыр. Және білім алушыларымыз бір семестірге 2 айға АҰ бағдарламасы бойынша білім алып келе жатыр. АЙДАР АМАНДОСОВ – БІТІРУШІ ТҮЛЕК //Университеттегі біздің ұстаздарымыз біздің сапалы білім алуымызға жаңа тың әдістермен бізге білім берді. Ұстаздарымызға алғыс айтамыз. Осы оқу орнында білім алғанымы ешқандай өкінбеймін. Бүгінде «Қызылорда Ашық университетінде» 2 мыңнан аса студент білім алады. Жастардың сапалы білім алуына жан-жақты жағдай жасалып жатыр. Ал колледжінде 800-дің аса студент бар. Биылғы оқу орнын 7 мамандық бойынша 165 студент аяқтап отыр. Соның бірі – Жайнарбек Бағдатұлы. ЖАЙНАРБЕК БАҒДАТҰЛЫ – БІТІРУШІ ТҮЛЕК //Оқу өте керемет. Оқу орнымызда оқудың озаты және белсенді студент болдық. Электрмен қамтамасыз ету мамандығында оқыдым. 4 жыл. Мамандық өте керемет. Құдай қаласа, электрмен қамтамасыз ету мамандығы бойынша жұмыс істеймін. Салтанатты шара барысында бітіруші түлектерге арнайы алғыс хаттар табысталды. Осылайша, жүздеген жас бір белесті артқа тастап, жаңа өмірге қадам басты. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par