Suivant

ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫНА ЕҢБЕК ҰЖЫМДАРЫ АТСАЛЫСТЫ

04/10/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Шиелі ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына еңбек ұжымдары үн қосуда. Мекеме қызметкерлері туған өлкені таза ұстау тұрғындардың міндеті деген қағиданы басты бағдар еткен. 20-ға жуық қызметкер Исатай Әбдікәрімов көшесінің бойында тазалық жұмыстарын жүргізді. Ағаш көшеттерін әктеп, қураған шөптерді тазалады. Осылайша жиналған қоқыс арнайы техниканың көмегімен жақын маңдағы полигонға жеткізіледі. Жалпы ауданда тазалық акциясына барлық еңбек ұжымдары тартылған. Олар аптаның сенбі-жексенбі күндері өзіне бекітілген аумақпен қатар орталық көшелердің бойындағы тазалық жұмыстарына атсалысады. Мұндай жұмыстар ауылдық елді мекендерде де жалғасуда. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant