Suivant

Тазалық табиғаттың тынысын ашады

09/04/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Сырдария ауданындағы Нағи Ілиясов ауылында соңғы он жылда 35 мың түп ағаш егілген. Сондай-ақ жылына 3,5 гектарға жуық алаңқай көздің жауын алатын гүлзарға айналады. «Таза Қазақстан» акциясына ауылдастарымен бірге үлес қосқан Қазақстанның Еңбек Ері Абзал Ерәлиев осылай деді. Нағи Ілиясов елді мекенінде 2 мыңнан астам халық тұрады. Ел Президентінің бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» акциясына үлгілі ауылдың жұрты да белсенді қатысуда. Аудан әкімі Берік Сәрменбаев және Қазақстанның Еңбек Ері Абзал Ерәлиев бастаған 150-ге жуық азамат өз үлестерін қосты. Тұрғындармен бірге белсенді жастар, еріктілер де бар. Акция барысында нағилықтар ағаш көшеттерін отырғызып, санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізді. Ауыл орталығындағы аллеялар және арықтар тазартылды. Жалпы, Сырдария ауданында жыл басынан бері 6000-ға жуық ағаш отырғызылса, әр сенбі сайын тазалық жұмыстары жүргізіледі. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant