Тарих пен тағылым
Қолда бар архив деректеріне сүйенсек, Сыр бойында 4000-нан астам отбасы қуғынға ұшырап, 1153 адам атылған. Саяси құғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай «Достық үйінде» «Тарих және тағылым» тақырыбында жиын өтті. ІС-шара архив құжаттарының көрмесімен басталды. Көпшілік назарына жалған жаламен құрбан болған қазақ зиялылары және 1931-1933 жылдардағы ашаршылық жайында деректер ұсынылды. Жиында тарих ғылымдарының кандидаты Уалихан Ыбраев, халқымыздың тарихындағы қасіретті кезеңнің елге, қазақстандықтарға тигізген әсері туралы баяндады. Ал «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау» жөніндегі өңірлік комиссия мүшесі Айтжан Оразбақов архивтерде, жабық қорларда ауқымды зерттеулерге, репрессия құрбандары атылған жерлерді анықтау мақсатында жүргізілген экспедициялар, ондағы табылған маңызды мәліметтермен бөлісті. АЙТЖАН ОРАЗБАҚОВ - «САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫН АҚТАУ» ЖӨНІНДЕГІ ӨҢІРЛІК КОМИССИЯ МҮШЕСІ, ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ «Респрессия құрбандарын ақтау комиссиясы 90-жылдардан жұмыс істеді. Сол жылдары қабылданған шешімдерге сәйкес 7500-дей қызылордалық ақталды. Бұлар түрлі істермен, бірақ көбіне 58-ші баппен сотталғандарға қатысты болды. Мәселен 1932 жылы Қармақшы ауданындағы бір ауылдың ісі қаралғанда бір іспен бірден 56 адамды сотталған кездер болған. Бір іспен бір ұлттың өкілдерін: эстондықтар, кәрістерді қараған істер болды. Мұндай істер көп. Әлі қаралатын істер бар әлі.» Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/