Suivant

Тасадағы таланттарды танытқан инклюзивті театр

18/07/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Асқар Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйінде «Арман» инклюзивтік театрының қатысуымен жаңа қойылымның премьерасы өтті. Өнер ұжымы бұл жолы Қалтай Мұхамеджановтың «Қуырдақ дайын» пьесасын сахналады. Ерекше жандардың ерекше қойылымын әріптесім Мақсат Кәрібай да тамашалап, таспалап қайтқан еді. Сюжет көрейік. «Арман» инклюзивтік театрының ұжым болып қалыптасқанына көп бола қойған жоқ. Мүмкіндігі шектеулі жандардан құралған топқа биыл бір жыл толып отыр. Дегенмен, мәдениет әлеміне тәй-тәй басқан өнерпаздардың репертуары сәт санап артып келеді. Бір жылдың ішінде сахна төрінде түрлі көріністер қойып, екі бірдей спектакльдің премьерасын жасады. «Қуырдақ дайын» пьесасы – алаяқ-алдамшылар, дүмше космополиттердi сынап-мiнейтiн түйреуiк комедияларымен ерекшеленеді. Қалтайдың қағытпа қалжыңдарымен жазылған шығармада кеңестік кезеңдегі болыс болам деп бауырдан бас тартқан билік құмарлардың пиғылы суреттеледі. Театр ұжымының алдағы жоспары айқын. Іргелі өнер ордасына айналсақ дейді. Ал, «Қуырдақ дайын» қойылымына қатысқан әртістердің өнерін көпшілік жоғары бағалады. Тағдыр салған сынаққа сөгілмеген жандар көңілді қойылымды да сәтті сахналады. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant