ТАҚЫРЫП: АРХИВТЕ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ
Қалалық архив филиалында «Архив және болашақ ұрпақ» атты ашық есік күні өтті. Өскелең ұрпаққа мұрағат ісінің ерекшеліктері мен басты бағыттарын түсіндіруге арналған бұл шараға колледж студенттері белсене қатысты. Білім алушыларға қаз-қатар құнды қағаздар қойылған зал таныстырылып, көздің қарашығындай сақтаулы тұрған құжаттардың күтімі мен цифрландару мәселесі түсіндірілді. Аймақта мұрағаттан анықтамаларды сұрап жылына 5000-нан астам сұраныс түседі екен, оның 3000-ға жуығына қанағаттандырарлық жауап қайтарылады. Нәтижелердің негізінде облыстағы архив мекемелерінің сұраныс орындау жөнінде көш басында тұрғанын көруге болады. АЙГҮЛ АЛПЫСБАЕВА – ҚАЛАЛЫҚ АРХИВ ФИЛИАЛЫНЫҢ БАСШЫСЫ Қалалық архив жеке құрам бойынша құжаттарды жинаумен айналысады. Осы мекеменің қор сақтау қоймасында 83 мыңға жуық құжаттар сақталған. Жеке құрам бойынша құжаттар дегенміз - бұл жеке бұйрықтар, еңбек ақы есептеу кітаптары, әлеуметтік еңбек ақы аударымдары бойынша төлем құжаттары. Бұл ашық есік күнін өткізуіміздің мақсаты: жастарды архивпен таныстыру, архивтің қоғамдағы рөлін анықтау. НАЗЫМЗЕРЕ МАРХА – СТУДЕНТ Бүгін біз қалалық архив құжаттар қоймасына келдік. Осы жерде 75 жыл сақталатын құжатар көп екен. Өте қызықты болды, ақпараттар алдық. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/