ТАҢ АУЫЛЫН ДАМЫТУ ЖАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Президент елді мекендерді көркейтуге көңіл бөліп, Ауылдарды дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіткен болатын. Өткен жылы аймақта ауылдарды дамытуға мемлекеттік бюджеттен 18 миллиард теңге қаржы бөлінді. Бұл жұмыстар биыл да жалғасады. Облыс әкімінің төрағалығымен өткен жиында Таң ауылын дамыту жайы талқыланды. Ауылды өркендету, гүлдендіру президент пәрмені ғана емес, тұрғындардың талабы. Жайлы өмір сүруде қала мен ауыл арасында алшақтық болмауы қажет. Президент былтыр Сыр өңіріне жасаған сапарында Нағи Ілиясов ауылын өзге ауылдарға үлгі ету керектігін айтқан. Және «туған топырағын түлеткен кәсіпкерлерге лайықты қолдау танытып, бастамасына болысу қажет»,- деді. НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ – ОБЛЫС ӘКІМІ //Біз, Президентіміздің тұжырымдамасы аясында облыс көлеміндегі ауылдарды кезең-кезеңімен дамытуға басымдық берудеміз. Өткен жылы ауылдарды дамытуға мемлекеттік бюджеттен 18 млрд. теңге қаржы бөлінді.«Ауыл-ел бесігі» аясында 47 ауылдық елді мекенде 216 жобаны жүзеге асыруға 12 млрд 400 млн теңге бөлінді. Биылғы жылы бағдарлама аясында 11 млрд теңгеге 67 жоба жүзеге асады. «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 3 млрд теңгеге 404 жоба жүзеге асты. Биыл 6 млрд теңгеге жуық қаржыға 800-ден астам жоба жүзеге асатын болады.// Таң елді мекені облыстағы үлгілі ауылдардың бірі. Соңғы бес жылда ауылды дамытуға 2,4 млрд. теңге қаражат бөлінді. Соның 50 пайыздан астамы демеушілік есебінен. Яғни осы ауылдың тумасы, Қазақстанның Еңбек Ері Имамзада Қуанышбайұлы өз қаржысын елді мекеннің дамуына жұмсап, халықты тұрақты жұмыспен қамтып келеді. Аудан әкімі ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық дамуына тоқталып, жаңа жобаларын ұсынды. Биыл Таң ауылдық округінде 4 жобаны қаржыландыру мақсатында облыстық бюджеттен 800 млн теңгеден астам қаржы бөлінді. Ең алдымен мәдениет үйі бой көтереді. Аймақ басшысы жаңа нысанның эскиздік жобасын әлі де жетілдіруді тапсырды. Сондай-ақ жөнделетін көшелер де маңыздылығына қарай қолға алынып, ауылға кіре берістегі «Бозарық» каналы көпірінің қайта жаңғырту жұмыстарын және жолдардың мерзімінде әрі сапалы орындалуын тапсырды. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/