Теңіз ұлтанына 10 мың дана сексеуіл көшеті егілді
Теңіздің құрғаған ұлтанына 10 мың дана сексеуіл көшеті егілді. Эко жобаға алғаш рет шет елден және республикамыздң әр өңірінен жиналған волонтерлар атсалысып, табиғи апат орнына ағаш отырғызды. Сор басқан теңіз табанына тілшіміз Әділбек Серікұлы да барып игі іске куә болды. ӘДІЛБЕК СЕРІКҰЛЫ ТІЛШІ /Арал экологиясын жақсартуға сексеуіл өсімдігінің пайдасы өте зор. Мәселен, мынадай үлкен түп сексеуіл 4 тоннаға дейін құм көшкінін ұстайды./ Қазақстан аумағында құрғаған теңіз ұлтанының көлемі 2 миллион гектардан асады. Одан жыл сайын 100 миллион тонна тұзды шаң ауаға көтеріледі. АҚШ азаматшасы Каролина еліміздегі жоғары оқу орындарының бірінен тағылымдамадан өтуге келген. Эко жобаны естіген шетелдік студент «Арал тағдырын өз көзіммен көру үшін ойланбастан жолға шықтым»- дейді. КАРОЛИНА СОЛЭМЕН - ВОЛОНТЕР /Теңіздің осындай жағдайға жеткені өте өкінішті. Бір кездері біз тұрған жерде судың тереңдігі 40 метр болған деп айтып жатыр. Ал қазір адам сенгісіз. Бүтін теңіздің құрғап қалғаны ол үлкен экологиялық апат. Осы экожобаға үлес қосқанымды мақтан етемін./ Жергілікті орманшылар эко жобаға қатысушыларға 10 мың дана сексеуіл көшетін әзірлеген. 70 ерікті топ-топқа бөлініп шөлге төзімді ағаштарды отырғызуға атсалысты. ӘДІЛБЕК СЕРІКҰЛЫ ТІЛШІ /Теңіздің құрғаған ұлтанына мынадай қара сексеуіл көшеттері отырғызылып жатыр. Тамыры түрлі минералды тыңайтқыштармен қоректендірілген. Яғни, ұзақ уақытқа дейін ешқандай ылғалсыз-ақ өсіп-өне береді. Бұл сексеуіл егудің ең тиімді әдісі деп отыр мамандар./ Жалпы егемендік алған кезеңінен бері орманшылар теңіз ұлтанының 550 мың гектар жеріне сексеуіл еккен. Бастапқы отырғызылған ағаштар бүгінде алқапқа айналып, өлі аумақта тіршілік пайда болды. ӘЛІБИ ҒАЗИЗҰЛЫ «РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОРМАН СЕЛЕКЦИЯЛЫҚ ТҰҚЫМ ӨСІРУ ОРТАЛЫҒЫ» РМҚК БАС ДИРЕКТОРЫ /Әрине, көшетпен отырғызғанның өнімділігі жоғары. Бірақ, тұқыммен отырғызғанда біз көлемін молыр-ақ істей аламыз. Шығымдылығы сол 25-27 пайызға дейін барады. Ол өте жақсы көрсеткіш./ Төрт сағатқа жуық уақыт шөлді жерде тынымсыз жұмыс істеген еріктілер жыл сайын мыңдаған гектар аумаққа сексеуіл отырғызатын жергілікті орманшылардың еселі еңбегіне көз жеткізді. ЖҰЛДЫЗ ЖАЗЫЛБЕКОВА ВОЛОНТЕР /Басында оңай болатын шығар деп ойладым. Бірақ, өте ауыр жұмыс екен. Топырақта бақалшақ көп. Қазудың өзі қиындық туғызды. Бірақ, осында келгеніме еш өкінбеймін. Теңізге су әкелу мүмкін болмаса да, табиғатын қайта қалпына келтіруге әрбіріміз атсалысуымыз керек. Елімізді, жерімізді өзіміз қадірлемесек ешкімнің жаны ашымайды. / Арал экологиясы бүгінде ел Президентінің назарында. Мемлекет басшысы 2025 жылға дейін теңіздің құрғаған 1,1 млн гектар жеріне сексеуіл отырғызуды орманшыларға міндеттеді. Игі іске эко волонтерлар да келер жылы атсалысуға ниетті. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/