Suivant

«Томирис» би ансамблі маусымдық жабылу концертін берді

28/06/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Облыстық филармония жанынан құрылған «Томирис» би ансамблі маусымдық жабылу концертін берді. Өнер ұжымы «Адамзат пен махаббат» атты қойылым арқылы көпшілікке рухани азық сыйлап, бекзат өнермен көрерменді тәнтті етті. Дәстүрлі өнерді насихаттау мақсатында құрылған ансамбль 2001 жылы жұмысын бастады. Содан бері еліміз бен алыс-жақын шет мемлекеттердің сахналарында өнер көрсетіп, кәсіби шеберліктерін көрсетіп келеді. ГҮЛБАНУ МЫРЗАБАЕВА – «ТОМИРИС» БИ АНСАМБЛІНІҢ БАС БАЛЕТМЕЙСТЕРІ //2001 жылдан бастап өзім құрған болатынымын. Ансамбльде 4 биші болды. Қазір енді 20 биші бар. 12 қыз, 8 ұл. //4.55// Томирис би ансамблінің репертуарында 80 ге, 100ге жақын би қойылымдары бар. Барлығы дерлік ұлттық характерде деп айтуға болады. Бүгінгі қойылымның форматын өзгертіп, заманауи стильде орындалатын би қойылымдары. Би өнері – тылсым сырға толы. Әсерлі кеште бишілер тілсіз өнер арқылы қылдан нәзік, қылыштан өткір махаббат тақырыбына тереңінен бойлады. АБАЙ МАХАМБЕТЖАНОВ – «ТОМИРИС» БИ АНСАМБЛІНІҢ ӘРТІСІ // Қазіргі қоғамда болып жатқан өзекті мәселенің бірі, ол адам мен әйел арасындағы қарым-қатынас, яғни ұлы сезім махаббат, махаббаттың арты тұрмыстық жағдай, яғни үйлену, үй болу, бала тәрбиелеу деген сияқты мәселелер қозғалады. Күнделікті болып жататын қарым-қатынастағы әйел затының орыны өмірдегі. Оны ерінің бағалауы// осыны біз қойылым арқылы көрсеткіміз келді. «Томирис» би ансамблі – бекзат өнермен біраз белесті бағындырып үлгерді. Ұжымды алдағы уақытта да ауқымды жұмыстар күтіп тұр. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant