Туған жерді түлету - ортақ іс
Туған өлкені түлетуге бағытталған экологиялық акция Сырдария ауданында да ұйымдастырылды. Сенбілікте аудан орталығында орналасқан мекеме қызметкерлері, «Жасыл ел» еңбек жасағы және жергілікті кәсіпкерлер де белсене атсалысты. Көпшілік Тереңөзек кентіндегі «Орталық саябақ», «Тағзым» алаңы мен кіші архитектуралық формалар маңын абаттандырды. Мұнымен қоса, кентішілік арықтары тазаланып, көпірлер мен ойын алаңдары сырланды. Науқан барысында елді мекендерде қоқыстар тазартылып, шөп шабу жұмыстары жүргізілді. Жалпы, экоакция барысында 800-ден астам тұрғын еңбекке жұмылып, 11 тонна қоқыс шығарылды. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/