Suivant

Түлектер диплом алды

10/07/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті бітіруші түлектерге диплом табыстады. Салтанатты іс-шарадан тілші бейнематериалы. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетін биыл 2670 түлек тәмамдады. Оның 2292-сі бакалавриат, 378 студент магистратураны оқып шықты. Ал 256 түлек үздік дипломға ие болып отыр. БЕЙБІТКҮЛ КӘРІМОВА – ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОР «2020 жылы пандемия басталған кезде оқуға түскен 2670 студентіміз бүгін диплом алып, үлкен өмірге қадам басып жатыр. Түлектерімізге осы 4 жыл бойы алған білімдерін практикада шыңдап, елімізге адал еңбек ететін мықты маман болып қызмет етулеріне шын жүректен тілектеспін.» Іргелі оқу орнында теория мен практиканы шыңдауға мол мүмкіндік қарастырылған. АҚНАЗ ӘЛІМЖАН – БІТІРУШІ ТҮЛЕК «Мен осы университеттің экономика және жоспарлау бөлімінде экономист болып қызмет атқарамын. Құдай қаласа қазір дипломымды алғаннан кейін толыққанды осы университеттің толыққанды қызметкері атанамын. Қорқыт ата университеті бұл мүмкіндіктер алаңы. Қай жағынан алсақ та. Мен ыстық естеліктер мен өлшеусіз білім үшін бұл оқу орнына алғысымды айтамын. Бізді тербеткен білім қарашаңырағы ешқашан шайқалмасын деп тілегімді білдіргім келеді.» АРАЙЛЫМ АЛМАТ – БІТІРУШІ ТҮЛЕК «2020 жылы «есеп және аудит» мамандығы бойынша ректор гранты негізінде оқуға түстім. 4 жыл өте шықты. Қызыл дипломмен бітіріп жатырмын. Осы оқу орнында білмегенімізді біліп, білгенімізді арттырдық. Менің мамандығым қазір әлем бойынша ең керекті, маңызды мамандық деп айта аламын. Ары қарай осы университетте магистратура, докторантурада оқып, тәжірибемді арттырғым келеді. Айта кетейік, Оңтүстік Корея Президентінің Қазақстанға ресми сапары барысында Сеул Ұлттық Ғылым және технологиялар университеті мен Қызылорда университеті арасында қос диплом бағдарламасы бойынша кадрлар даярлау туралы келісімге қол қойылды. Енді келер жылдан бастап "AI architect", "Data management" сынды қос дипломды бағдарламасы іске қосылады. Бүгінде «Информатика, Ақпараттық жүйелер, Кибер қауіпсіздік, компьютерлік бағдарламалау» білім беру бағдарламаларына қабылдау жүріп жатыр. Ғылым және жоғары білім министрлігі бұл мақсатқа 100 грант бөлген. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant