Suivant

Түлектерге диплом табысталды

03/07/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Орда жоғары колледжінің заман сұранысына сай маман даярлауда өзіндік орны бар. Он бес мыңға жуық шәкіртті шыңдаған шаңырақ тағы бір оқу маусымын тәмамдап, шәкірттерін сән-салтанатымен шығарып салды. Оқу ордасынан биыл 492 шәкірт түлеп ұшты. Салтанатты шарада талабы таудай түлектерге білім саласының аға буыны құжат табыстап, алдағы өмірлеріне сәттілік тіледі. МҰРАТ БАҚТИЯРҰЛЫ – МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ // Осында тардай болып кірген, жас балапандар бүгін енді түлеп ұшқалы тұр. Бұл әрбір бітіруші үшін ерекше сәт деп есептеймін. Бүгін сіздер бітіріп, дипломды қолдарыңа алғалы тұрсыңдар. Соның барлығы құтты болсын, ұзағынан болсын. Осы жерде алған алған білімдерің, тәрбиелерің сендер үшін өмірбаяндарыңда ерекеше уақыт болып қалады. Бүгінде Орда жоғары колледжінде 2 мыңға жуық білім алушы бар. Жиырма бес жыл ішінде 15 мыңға жуық түлек бітіріп, бүгінде еліміздің түрлі саласында қызмет атқаруда. Жалпы іргелі оқу ордасында 29 мамандық, 48 біліктілік бойынша мамандар дайындалады. ГҮЛЖӘМИЛА ДОСЖАНОВА – ОРДА ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІНІҢ ДИРЕКТОРЫ //492 сутдент бітіріп жатыр, 22 мамандық бойынша. Еліміздің, өңіріміздің құқықтану саласын, педагогика, IT, эконмика, және басқа салаларда қызмет атқарады деп ойлаймыз. Алдыңғы буына қазіргі таңда құқық қорғау органдарында, сот төрелігінде, банк істерінде және басқа салаларда қызмет атқарып жатқан жайы бар. Оқу ордасының өнерлі жастары әуелете ән шырқап, мың бұрала би билеп салтанатты кештің шырайын келтірді. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant