Түнгі рейд
Республика көлемінде республикалық «Түнгі қаладағы балалар» жедел профилактикалық іс-шарасы басталды. Түнгі рейдке тәртіп сақшыларымен бірге біздің түсіру тобымыз да шықты. Сағат 22:00. Жедел профилактикалық іс-шарасының алғашқы түні. Тәртіп сақшылары алдымен қаладағы бірнеше компьютерлік клубтар мен ойын-сауық орындарын аралап шықты. Ал, сағат 23:00-ден кейін балалардың көше кезіп жүруіне тыйым салынған. РУДАБА АРЫНҒАЗИЕВА – ҚПБ ЮВЕНАЛДЫ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ ИНСПЕКТОРЫ //Шілде айының 15-і мен 17-сі аралығында республикалық «Түнгі қаладағы балалар» іс-шарасы өтуде. Басты мақсат – кәмелетке толмаған жастар арасындағы құқық бұзушылықтың жолын болдырмау, жолын кесу мен алдын алу мақсатында. Сонымен қатар, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру. ӘҚК бойынша үй жайдан тыс 23:00-ден кейін, ал ойын сауық орталықтарында 22:00-ден кейін жүрмеуге тиіс.// Мұнан кейін, «Ақмешіт» мөлтек ауданына қарай бет алдық. Мұндағы учаскелік пункке де бірнеше жасөспірім жеткізіліпті. Олардың дені қыз балалар. Осылайша бір түнде 116 баланың ата-анасы шақыртылып, әкімшілік хаттама толтырылып, ескерту жасалды. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/