Түркия ғажайыптары
Әзербайжан, Өзбекстан, Қазақстанның тілшілері Ыстамбұлда бас қосты. Мақсат - көркем өлкенің өткені мен бүгініне бойлау. Сапар басында олар туристер міндетті түрде бет бұратын Айя София мешітіне барды. Оның негізі 324 жылы қаланған. Ал 2020 жылдан бері нысан құлшылық орны ретінде қолданысқа берілді. Әрі ЮНЕСКО-ның мәдени мұра тізіміне енген. Айя София мешітінде 16 тілде сөйлейтін арнайы аудио гид пен сәтті бейне көріністер, әсерлі музыка 1700 жылға созылған мезетті баяндап береді. Бірнеше қабатты жүріп өткен көрермен бірнеше заматтың ыстығы мен суығын бойдан өткізеді. Айтпақшы, Ыстамбұлда 3 жарым мыңнан астам мешіт бар. Солардың ішінде Айя София мен Сұлтан Ахмет мешіті бір-біріне жақын орналасқан. Айтып өтейік, Түркияға жыл бойы турист ағылады. Былтыр олардың саны 50 млн-нан асқан. Сайт: http://aktobetv.kz Instagram: https://www.instagram.com/aqtobetv/ Facebook: https://www.facebook.com/aqtobetv VK: https://vk.com/aqtobetv Twitter: https://twitter.com/aqtobetv Qazaqstan TV мобильді қосымшаны жүктеп алыңыз: AppStore - https://itunes.apple.com/kz/app/qazaqstan-tv/id1332605258?mt=8 Google Play - https://play.google.com/store/apps/details?id=biz.galamat.qazaqstannews