Suivant

Тұран ойпатының өркениеті

12/03/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Облыс орталығында документалды бейне-фототүсіруші Шакимардан Мажитұлының «Тұран ойпатының өркениеті» атты көрмесі ашылды. Әуелде әуестіктен бастау алған хобби бүгінде Шакимардан Мажитұлының өмірлік миссиясына айналған. Бала күннен фотоаппаратпен дос болған фотосуретшінің 2000-нан астам еңбегі бар, оның алтауы ЮНЕСКО-ның «алтын қорына» енген. ШАКИМАРДАН МАЖИТҰЛЫ – ҚАЗАҚСТАН ДИЗАЙНЕРЛЕР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ //Мен суретке бала кезден әуестендім. Археологияны Алмас екеуміз бастап, осыған құштарландым. Осындай выставкамды жасауды 90-жылдардан бастап қолға алғам. Бала жасымнан мүгедек болғаннан кейін үйде жата бермейін деп кәсіп етіп, жасаған дүнием. Көрмеге фотосуретшінің жеке қорындағы фотоаппарат түрлері мен автордың 70-тен астам еңбектері қойылды. АЛМАС АЛМАТОВ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ // Бұл кісінің фотосуреттері – бүтін аймақтың, бүкіл Қазақстанның тарихи-археологиялық, этнографиялық-фольклорлық музыкалық мұраларына негізделген. //03:24// Бұл кісінің суретті түсіру технологиясы, шеберлігі басқа фотографтарда көбіне кездесе бермейтін далалық, өлкелік ерешеліктерін пайдаланып отыратын кәсіби маман. ЕЛЕНА ӘБДІХАЛЫҚОВА – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ // Сыр бойының, ежелгі Тұран ойпатының тарихын білу, оның қандай кесенелері болған оны ең болмаса фото-шежіре арқылы тәрбиелеу өте маңызды деп ойлаймын. Биыл Сыр елінде мәдениетті қолдау жылы деп еблгіленсе, соның басында осы Шакимардан Әбдіхалықовтың ұлан ғасыр еңбегінің басы жатыр. Бұл еңбек біздің атрихымыхды жоғалтпауға, біздің негізімізді тануға, біздің діңгегімізден ажырап қалмауымызға ең басты дәлел, айғақ болатын күш деп есептеймін. Отыз жылдан астам саналы ғұмырын ел тарихының фото-шежіресін жинақтауға арнаған Шакимардан Мажитұлының еңбегі орасан зор. Айта кетейік, көрме Салихитдин Айтбаев атындағы көркемсурет галереясында 25 наурызға дейін жалғасады. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant