Suivant

ТҰРҒЫННАН 7 МЛН ТЕҢГЕ БОПСАЛАҒАН

09/01/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Қызылорда облысында бопсалау қылмысына қатысы бар күдіктілер ұсталды. Олар жәбірленушінің жеке басына қатысты намысына тиетін ақпараттарды әлеуметтік желіде жариялаймыз деп қорқытып, ауызжаптырық үшін 7 млн теңге талап еткен. Аталған дерек бойынша ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, соның нәтижесінде 34, 32 және 22 жастағы облыс тұрғындарын ұстады. Айғақ зат ретінде күдіктілерден ақша, белгі беретін тапанша және жалған қызметтік куәлік алынды. Алдын ала сөз байласу арқылы бір топ адам жасаған бопсалау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant