Suivant

УРАНДЫ ХАЛЫҚТЫҢ ИГІЛІГІНЕ ЖАРАТУ КЕРЕК

18/01/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

«ҚазАтомӨнеркәсіп» ұлттық компаниясы жолды жөндеумен, мерекелерде азық-түлік себетін таратумен ғана шектеледі». Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев компанияның басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповпен кездесуінде осылай деп, әлеуметтік жауапкершілікті арттыруды ұсынды. Аймақ басшысының айтуынша, ауыл шаруашылығымен айналысатын «Абзал и К» компаниясы Нағи Ілиясов ауылында жыл сайын әлеуметтік нысандар салады. Ал, уран өндіруші компаниялар негізгі қызметін жүргізетін Байкенже ауылында тек қара жолды жөндеумен, мерекелерде азық-түлік бөлумен шектеліп келеді. Еліміздегі уранның шамамен 20 пайызы біздің облыста өндіріледі. Аймақтағы уран өндіруші компаниялардың «Самұрық Қазына» қорына жыл сайын төлейтін дивидендтері шамамен 44 млрд.теңгені құраса, қайырымдылыққа небәрі 88 млн. теңге бөледі екен. Салыстырмалы түрде айтсақ, мұнай өндіру компаниялары соңғы 10 жылда 15 млрд 700 млн теңгесін қайырымдылыққа жұмсаған. Осы ретте өңір басшысы әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылысын қаржыландыруды ұсынды. Сондай-ақ, Шиелі ауданы Еңбекші ауылдық округіне «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жолы арқылы көпір салу, «Самара-Шымкент-Еңбекші» жолының 6 шақырымын күрделі жөндеу қажеттілігі де айтылды. Қуаттылығы жылына 500 мың тонна күкірт қышқылын өңдейтін «СКЗ-Ю» зауытын кеңейту немесе жаңа зауытты Қызылорда облысына салу мүмкіндігін қарастыру жайы да сөз болды. Мұнан бөлек, аймақ басшысы 65 пайызы іске қосылған «Байкен–Ю» серіктестігін толық жұмыс істеуге көшіруді ұсынды. Өз кезегінде, «ҚазАтомӨнеркәсіп» компаниясының басшысы аталған жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігі қарастырылатынын жеткізді. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant