Suivant

Футболдан ел чемпионатының күнтізбесі белгілі болды

23/02/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Футболдан премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің күнтізбесі белгілі болды. Биыл 33-ші мәрте жалауын көтеретін доп додасы 1-ші наурызда басталып, 10-шы қарашада мәресіне жетеді. Доп додасының алғашқы турында елордалық «Астана» мен «Жеңіс» командалары кездеседі. Бас қаланың қос командасы арасындағы дерби жанкүйерлер арасында үлкен қызығушылық туғызып отыр. Дәл сол күні жергілікті «Қайсар» мен «Ақтөбе», «Жетісу» мен «Ақсу» жасыл алаңға шығады. Ал, 2-ші наурызда «Қайрат» пен «Қызылжар», «Елімай» мен «Атырау», «Ордабасы» мен «Шахтер», «Тобыл» мен «Тұран» командалары шеберлік байқасады. Айта кету керек, премьер-лига чемпионы атағы үшін биыл республиканың 13 өңірінен 14 клуб таласады. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant