Suivant

ХАЛЫҚТЫҢ ҚАРЫЗҒА БАТУ КӨРСЕТКІШІ БАҚЫЛАУДАН ШЫҚТЫ

31/10/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Халық қарыздың қоршауында қалды. Қазақстандықтардың несие алу көрсеткіші шектен асты. Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсембаев осылай деп дабыл қақты. Бүгінде 8 млн 400 мың қазақстандықтың несиесі бар. Бұл экономикалық белсенді жұрттың 80 пайызынан көбі банктерге қарыз деген сөз. 1,4 трлн теңгенің төлем уақыты кешіктіріліп жатыр. 1 млн 700 мың адам алған несиесін қайтара алмайтын жағдайға жеткен. Бұл Қазақстандықтардың таза табысы төмендеп кеткенін көрсетеді. Сондықтан мемлекет тарапынан шара қолданылуы керек деді мәжіліс депутаты. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant