Шағын футбол турнирі
Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күніне орай аймақтағы азаматтық секторлардың жүйелі жобаларын таныстыру мақсатында кездесу ұйымдастырылды. Мерекелік шара үкіметтік емес ұйымдар арасында өткен шағын футбол турнирімен жалғасты. Турнирге мемлекеттік қызметкерлер мен үкіметтік емес ұйым өкілдерінен жасақталған командалар қатысты. Қатысушылардың ынтымақтастығын арттырып, салауатты өмір салтына үндеген жарыста «Даму Қызылорда» командасы жеңіске жетіп, арнайы дипломмен марапатталды. ӘЛІШЕР ЕСЕТ - ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ МАМАНЫ //Бүгін енді жеңімпаз атандық, «Қоғамдық даму басқармасы», әріптестеріме сәттілік тілеймін, тағы да құтты болсын мейрам. Иә,осындай, мейрам сайын осындай спорттық турнирлер ұйымдастырылып тұрса,өте керемет. Қазіргі жастар қандай болсын спорт түрінен жақсы, тағы да жеңімпаз атануға дайынбыз. ЗЕЙНАР ТӘЖИЕВА - «АҚ БОСАҒА» ҚБ ТӨРАҒАСЫ //Бүгінгі күні көптеген іс-шараларға қатысып келіп отырмыз. Ол іс-шаралардың біріншісі әрине, бәріміз бірігіп,бір сотлда отырып, алдағы болатын мәәселелерімізді, әлеуметтік, жобаларымызды, мақсатттарымызды, үлкен жаңағы өзіміздің Қызылорда облысына тән экологиялық мәселелерді талқыладық. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/