ШЕБЕРЛІК ДӘРІСІ ӨТТІ
#qyzylordatv #жаңалықтар #news #қызылорда #мұратәбзелбаев #дәріс Маржан сөз, қоңыр үн. Сыр өңірінде облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығының ұйымдастыруымен белгілі диктор, профессор, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері Мұрат Әбзелбаевтың шеберлік дәрісі өтіп жатыр. Мұрат Назтайұлы – дара дауыс иесі. Қазақ телевизиясының алтын қорында қоңыр үні қалған талант «Алатау» ұлттық телеарнасының алғашқы дикторы ретінде елдің есінде. Шеберлік дәрісін ұйымдастырудағы мақсат өз ісін меңгерген майталман маманның машықтарын жас буынға үйретіп, тәжірибесіне қанығу. Ол үшін аймақтың әр қиырынан сөз өнерін серік еткен жандардың басын қосқан. Көрерменнің, көпшіліктің алдында әдемі, әрлі сөйлеу даналықпен бірге дауыс үйлесімін де қажет етеді. Белгілі диктор адамның психикасы мен физикалық дүниесінде байланыс бар дейді. Мәселен бойдағы сіресу, ойдың да сіресуіне әкеледі. Ал бүкіл дененің бұлшық етін ширықтыру, жауырын жота, тіпті қолдың қимылына дейін адамның дауысына тікелей әсер етеді. Әр адам сөз әрекеттерінің әрбір элементіне мән бергенде ғана қоңыр үнді құбылта алады. Жалпы көзбен көріп, сауатты сөйлеу қарым-қабілет арқылы қалыптасатын дағды. Сондықтан сахна тілін жетік меңгеруде біліммен қатар кәсіби мамандардың кеңесі көмек болмақ. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylorda_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/