ШЕБЕРЛІК САБАҒЫ
Мәдениет саласының үздігі, «Құрмет» орденінің иегері, жыршы Шолпан Бимбетова Жыраулар үйінде жас өнерпаздарға шеберлік сабағын өткізді. Мәдениет майталманы «Жыраулық өнердегі Нұртуған Кенжеғұлұлы қалыптастырған халықтық-дала педагогикасы» тақырыбында дәріс оқып, дәстүрлі өнердің өзекті мәселелері турасында сөз қозғады. Жыраулық өнердің көрнекті өкілі Нұртуған Кенжеғұлұлының туындылары қазақ руханиятының тұтас мәдени бөлшегі деуге әбден лайық. Себебі, небәрі 40 жылдай ғұмыр кешкен тұлға шәкірттеріне мақамның мәйегін бұзбай орындауды, жыр-дастандардың мәніне үңілуді үйретті. ШОЛПАН БИМБЕТОВА – ҚР МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ, ЖЫРШЫ Нұртуған ақынның Арал өңіріндегі жыраулық өнерге өте еңбегі сіңген адам. Ол Ноғай жырларын жазған көбі. Шағын ғана жазған терме-толғаулары жыраулық өнерге келетін жас жеткіншектерге ереже. Нұртуғанның 10 ережесі бар. Әр әріпті, буынды, сөзді қате айтуға болмайды, халық қаласы соны орында деген ережелер бар. Дала педагогикасының бір ерекшелігі осында. Нұртуғанды бізге жеткізген шайырлар бар. Енді біз сол жолды жалғап, Нұртуғанның қалыптастырған дала педагогикасын таныстыру, насихаттау басты мақсатымыз. Сондай-ақ дастан-қиссаларды талдап, таразылап, ғылыми негізде насихаттаудың маңызы зор, дейді Шолпан Тілеубайқызы. Алдағы уақытта жыраулар үйінде тағы басқа жыршы-жыраулармен кездесулер ұйымдастырылып, студенттер ғылыми-практикалық тәжірибеден өтпек. Сондай-ақ, мұнда Сыр сүлейлерінің мұрасын зерттеуге мүмкіндік жасалмақ. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/