Шеберлік сағаты
«Қайсар» футбол құрамасы мүгедектігі бар балаларға шеберлік сағатын өткізді. Іс-шараға «Қазақстанның орыс қауымы» қоғамдық бірлестігі мұрындық болды. Шеберлік сабағын өткізудегі мақсат - балаларды спортпен шұғылдануға баулып, командалық ойын дағдыларын дамыту, физикалық белсенділігі мен эмоционалды күйлерін жақсарту. Іс-шарада білікті бапкерлер балаларды доп тебуге, пас лақтыруға, гол соғуға үйретті. Кәсіби футболшылардың дәрісі жас жеткіншектерге серпін берді, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Шара соңында балалар «Қайсар» футбол құрамасының ойыншыларымен суретке түсті. АМАНКҮЛ ТҰРЖАНОВА – ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ // «Бүгін біз өте керемет әрі жарқын әсерге ие болдық. Іс-шара жоғары деңгейде өтті. Ұйымдастырушыларға балаларға арнап осындай керемет күн өткізіп бергені үшін көп-көп рахмет айтамын». Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/