Suivant

Шойын жолда шыңдалған

22/02/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Шойын жолда шыңдалған тағдыр. Өмірінің қырық жылын теміржол саласына арнаған Бекболат Нұрмағамбетов жастайынан пойыздың шуылы мен теміржолдың тарсылын тыңдап өскен. Жылдың төрт мезгілінде маңдай терін төгіп жүрген еңбек адамы жайлы келесі бейнематериалда. Бекболат Нұрмағамбетов Сұлутөбе станциясында туған. Балалық шағы теміржолдың бойында өтті. Бір салада табан аудармай қырық жыл еңбек етуінің негізгі себебі де осы болса керек. БЕКБОЛАТ НҰРМАҒАНБЕТОВ – ТЕМІРЖОЛШЫ Теміржол саласы өзім талай жыл еңбек еткесін қызық шыжықтарын көргесін есте қалады. 20 жасымнан бастап жұмыс істеп келе жатырмын. Талай қиыншылығын көрдім. Тоқырау жылдары жұмысшының айлығын бере алмаған кездер болды. Тамақтай беріп, кейінен бәрі жөнделді Экономиканың күре тамыры саналатын теміржол күрделі сала. Тасымал, байланыс, жарықтандыру мен локоматив, жол желісін жөндеу сынды түрлі құрылымда мыңдаған адам жұмыс істейді. Соның ішінде жолшылардың еңбегі ерен. Олар қыстың қытымыр аязы мен жаздың аптап ыстығында да тыным таппай, шойын жолды жағалап жүреді. Себебі, жүйіткіген отарба бір сәтке де тоқтамау керек. БЕКБОЛАТ НҰРМАҒАНБЕТОВ – ТЕМІРЖОЛШЫ Бізде теміржол саласында ешқандай тоқтау деген жоқ. Күннің суығында да, жаздың аптап ыстықтарында да пойыздар тоқтамастан жүріп жатыр. Біздің станцияда үш қабат пойыз жүреді. Бір кіріп жатса, бірі шығып жатады. Мына үшінші қабатта вагондар сұрыпталып жатады. Біздің басты міндетіміз теміржолды ағымдағы жөндеу. Релістің астындағы шпалдардың сынғаны болса, ауыстыру. Босаған болттар болса, қатайту. Жарлыған, бүлінген элементтер болса, оларды ауыстыру. Күнделікті. Қозғалыс тоқтамауы керек. Теміржол маманы пойыздың діттеген жеріне еш кедергісіз жетуін қадағалайды. Себебі, мыңдаған жолаушының тағдыры мен тонналаған жүктің жауапкершілігі бар. Сондықтан Бекболат өзі ісіне мұқият қарап, кемшілік жібермеуге тырысады. Қарапайым жұмысшының ұзақ жылғы еңбегі ескерусіз қалмай, «ІІІ Дәрежелі еңбек даңқы» орденімен марапатталған. Шойын жолда шыңдалған шебер қазір ұжымның беткеұстары. Жастарға үнемі жол сілтеп, бағыт-бағдар беріп отырады. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant