Шуақты мереке
Отбасы орталығы әр шаңырақтың мәні мен сәніне айналған балғындарға мерекелік көңіл-күй сыйлады. Шырайлы шарадан тілші бейнематериалы. Балалық шақ қызық, ә! Қаласаң, асыр салып ойнайсың! Шаршауды білмейсің! Ал енді мерекені алаңсыз тойлағаның үшін сыйлықпен қуантып жатса, одан асқан қуаныш бар ма? Сүйкімді әрі көңілді аниматорлар, ән шашулар, түрлі сыйлықтар. Отбасы орталығы балалар күніне осындай тарту жасап, балаларды бірден баурап алды. ШЫНТЕМІР САЙЛАУ – ОБЛЫСТЫҚ ХАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ ЖӘНЕ МӘДЕНИ-ПРОДЮСЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНЫ «1-маусым балаларды қорғау күніне арналған шоу концерттік бағдарламамыз өтіп жатыр. Сонымен қатар ғимараттың ішінде сурет салудан жарыс өтіп жатыр.Өнер көрсеткен, суретті жақсы салған балаларымызға арнайы сыйлықтарымыз бар. Балаларға арнайы фотозоналар да ұйымдастырылып жатыр..» Баланың өз-өзіне деген сенімділігі ата-ананың оған бөлген уақытымен тығыз байланысты. Мерекелік іс-шарада әкелер мен аналар балақайлардың жанынан табылды. Олармен бірге ән салды, би биледі, тіпті көңілді отбасылық эстафетаға қатысты. «Бүгін балалар мейрамы болды. Мен жаңа ғана жарыстан жеңіп ойыншық ұтып алдым. Әрқашан аспанымыз ашық болсын.» «Балалар кеші күшті өтіп жатыр. Бізге қатты ұнап жатыр. Балалар тикток биледі, өлең айтты. Көніл-күйімізді көтеріп жатыр» «Балалар мейрамы құтты болсын. Балалар аман болсын, аман болып жүре берейік» "Осы жерде екінші ұлым Рустам сурет салып жарысып жатыр. Балаларымыз аман, дені сау, саналы, тәрбиелі ұрпақ болып өсе берсін. » Бүлдіршіндердің жүзіне күлкі сыйлайтын осындай іс-шаралардың тәрбиелік мәні зор. Ал ата-ана үшін балаға арналған уақыт бәрінен қымбат. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/