Шымбұлақ тау-шаңғы курортында қар көшкіні болды
0
0
10/03/25
Dans
Asie / Kazakhstan
Алматыдағы Шымбұлақ тау-шаңғы курортында шағын қар көшкіні тіркелді. Оқиға таңсәріде «Школьник» тауында арқан жолға жақын жерде болған. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Курорт әкімшілігінің мәліметінше, қауіпті аймаққа кіруге тыйым салынғанына қарамастан үш шаңғышы шектеу белгілерін елемей, сол аумаққа еніп кеткен. Қазір олардың жеке басын анықталып жатыр. Құтқарушылар көшкін болған аймақты тексеріп, профилактикалық жұмыстар жүргізді. Қауіптің жоғары деңгейде қалуына байланысты бірқатар шаңғы трассасы уақытша жабылды. Шымбұлақ әкімшілігі демалушыларды қауіпсіздік ережелерін сақтауға және ескерту белгілеріне мән беруге үндейді. #Жаңалықтар #Новости #24KZ #хабар24
Montre plus
0 commentaires
sort Trier par